Астанада «Еуразия» бірінші телеарнасының қызметкері жол апатынан көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын күндері елордада түнгі уақытта орын алған жол апатынан Еуразия бірінші арнасы телеарнасының апараттық-студиялық блогының басшысы Анатолий Парфёнов көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, оның өліміне джип жүргізушісі себепкер болған, деп хабарлайды телеарнадан.
None
None

Қарама-қарсы жолақтағы «Honda Pilot» маркалы джипінің жүргізушісі болған жас жігіт (шамамен 21 жаста) жол ережесін бұзып, бұрылғанда жол берудің орнына Анатолийдің мотоциклін қағып кеткен. Соққының қатты болғаны сондай, оның шағын көлігі қаққа айырылған. Полиция қызметкерлері әзірге бұған қатысты еш мәлімет бермей отыр. Тіпті, джип жүргізушісінің аты-жөнін де атамады.

Анатолийдің анасының айтуынша, ауруханаға жеткізілгенде ұлының қол-аяғы, жамбасы сынғаны анықталған. Әрдайым көңілді жүретін әрі жауапты қызметкер бола білген Анатолий достарымен бірге жақында Ресейде өтетін мотофестивальге бармаққа жиналып жүрген. Ол өзінің туған күніне, яғни 28 жасқа толуына небәрі бір ай қалғанда ажал құшты. Джип көлігі мен мотоциклге қатысты жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар