10:37, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
Астанада «Еуразия дауысы» қалалық байқауы өтеді
АСТАНА. Мамырдың 15-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Күлтегін» мейрамына арналған «Еуразия дауысы» қалалық ретро әндер байқауы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оған Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының өнерпаз студент жастары қатыспақ. Жыл сайын өтетін дәстүрлі өнер байқауында биыл іріктеу кезеңінен өткен 19 жас әнші бақ сынамақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара жастардың өнер жолындағы табыстарға жетелеп қана қоймай, сонымен қатар ретро әндердің жаңаша үлгіде орындалуына жол ашады. Осының арқасында ескі шығармалар қайта жаңғырып, бүгінгі эстрада сахнасынан өз орнын таппақ. «Еуразия дауысы» қалалық ретро әндер байқауы бүгін Еуразия ұлттық университетінің оқу-тәжірибелік ғимаратының концерт залында сағ.15:00-де басталады.