Астанада Еуразия халықтарының тарихына арналған халықаралық форум өтеді

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Алдағы жұма, 11 қазанда Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразия этностары мен мәдениеттері: өткені мен бүгіні» атты Х Еуразиялық халықаралық ғылыми форум өтеді.
None
None

Форум барысында Еуразия халықтарының тарихи байланыстары жан-жақты зерделеніп, олардың өзара бірігу идеясы қаралады. Осы орайда көрнекті ғалым, түрколог Лев Гумилевтің өмірі мен шығармашылығы талқыға салынады. Ғылыми мәжіліс тарихтың өзекті мәселелеріне арналған бес секция бойынша өтпек. Онда болатын пікірталастарға Қазақстан, Германия және ТМД елдерінің белді ғалымдары қатысады.

Соңғы жаңалықтар