Астанада ЕУРО-2016 ақтық жарысының жаппай көрсетілімі болады

АСТАНА.. ҚазАқпарат - Астанада қала қонақтары мен тұрғындарына арналып алып Led-экрандарда футболдан Еуропа чемпионатының финалы көрсетіледі. Қаланың ресми сайтының хабарлауынша шілденің 10-нан 11-не қараған түні
None
None

спорт жанкүйерлері Португалия мен Франция арасында өтетін ЕУРО-2016 ақтық жарысты мына орындардан көре алатын болады:

 1.  «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында (Қонаев к-сі, 4, кіру - Нұржол желегі жағынан) көрсетіледі. Жанкүйерлерден матчқа алдын ала келуді сұраймыз. Залдың есігі 00:00 ашылады. Кіру тегін. Матчтың комментаторы - Евгений Акманов. Трансляция Dolby Surround дыбысымен HD форматында өтеді.

2.  «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығы мен «Северное сияние» тұрғын үй кешенінің арасында Нұржол желегінде орналасқан Led-экраннан көрсетіледі. Бұл жаңа Led-экран, кездесу алғаш рет трансляцияланатын болады. Экранның биіктігі - 11 метр, ұзындығы - 17 метр. Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін сауда палаткалары орнатылды.

Көрсетілім барысында «Көрме» орталығынан «Керуен» СОО дейін Нұржол желегінің бойы жабылады.

Трансляция сағат 00:45 басталады.

Экрандардың орналасқан орнын мына сілтеме бойынша көруге болады. 

Соңғы жаңалықтар