Астанада Еуро-атлантикалық серіктестік кеңесінің III Қауіпсіздік форумы өтеді

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Маусымның 24-і мен 25-і күндері Астанада Еуро-атлантикалық серіктестік кеңесінің III Қауіпсіздік форумы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, аталмыш форумды Қазақстанда өткізуге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болып, оны Солтүстікатлантикалық кеңес қолдаған. Форум посткеңестік кеңістікте және Азия құрылығында алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр және ол биылғы жылы елімізде ұйымдастырылатын жиындардың ең ірісі болмақ. «Осыған дейінгі екі форумның бірі 2005 жылы Швецияның Оре қаласында өтсе, екіншісі 2007 жылы Македонияның Охрид қаласында болған. «Серіктестік арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты тақырыппен өтетін қауіпсіздік форумы аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді ашық әрі еркін түрде талқылауға мүмкіндік беретін бейресми алаң. Осыған орай жиынның пленарлық сессиясының тақырыптық мәжілістерінде Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы қауіпсіздік пен Ауғанстандағы жағдай және энергетикалық қауіпсіздік шаралары сөз болады», деді ресми өкіл. Форумға 50 ел мен Еуро-атлантикалық серіктестік кеңесі мен НАТО-ның және өзге де бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде. «Осы форум өтіп жатқанда НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясы Еуроатлантикалық қауіпсіздікке қатысты ең өзекті деген мәселелері бойынша парламентаралық диалог форумы болып табылатын Роуз-Рот парламентаралық семинарын ұйымдастырмақ», деді Е.Ашықбаев.
Соңғы жаңалықтар
Референдум