Астанада Еуропа Лигасы топтық кезеңінің «Шахтер» - «Маккаби» матчы өтеді

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін кешке Астанада Еуропа Лигасы топтық кезеңінің «Шахтер» (Қарағанды) - «Маккаби» (Хайфа) матчы өтеді. Матчтың басталуы - сағат 22.00-де, деп хабарлады «Sports.kz».

Астанада Еуропа Лигасы топтық кезеңінің «Шахтер» - «Маккаби» матчы өтеді

Алдағы кездесу қазір отандық жанкүйерлердің қызу талқылап жатқан тақырыбы болып отыр. Матчты белгілі ресейлік спорт түсіндірмешісі Константин Генич жүргізеді, матч КТК телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Республикалық «Sports.kz» интернет-порталы бүгінгі ойындағы «Шахтер» мен «Маккаби» құрамаларындағы ойыншылардың ықтимал құрамын хабарлады.

«Шахтёр»: қақпашы - Александр Мокин, қорғаушылар - Евгений Тарасов, Никола Василевич, Алдин Джидич, Сергей Малый, Александр Симчевич, жартылай қорғаушылар - Геворг Казарян, Роджер Каньяс, Гедиминас Вичюс, Андрей Финонченко, шабуылшы - Сергей Хижниченко.

«Маккаби»: қақпашы - Боян Шаранов, қорғаушылар - Самюэл Шейманн (Талеб Таватха), Декель Кейнан (Андрей Пилявский), Эдин Цоцалич, Эяль Мешумар (Эляд Габай), жартылай қорғаушылар - Густаво Бокколи (Авихай Ядин), Эяль Голаса, Рубен Райос; инсайдтар - Хен Эзра (Исмаэль Райян) және Дино Ндлову, орталық шабуылшы - Шимон Абухатзира.