Астанада Фариза Оңғарсынованың «Тағзым» атты жыр кеші өтеді
АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қарашаның 28-і күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың «Тағзым» атты жыр кеші өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақынның мәртебелі мерейтойы қарсаңындағы бұл мәдени шара Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен өткелі тұр.
Бұл кеште Фариза ақынның қоғам, шындық және билік пен халықтың арақатысы, адалдық пен адамгершілік қасиет, әкелердің асқақ рухы, қыздар мен аналардың тұнық сезімі туралы өлеңдері оқылады.
Жыр кешінде еліміздің танымал әншілері ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындайды.