Астанада фармацевтикалық зауыт салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада фармацевтикалық зауыт салынатын болды. Бұлтуралы елорда әкімі Әсет Исекешев өзінің Фейсбуктегі парақшасында  хабарлады.

Астанада фармацевтикалық зауыт салынады

«Бүгін инвесторлармен Астана қаласында фармацевтикалық зауыт салу туралы меморандумға қол қойдық. Шетелдік инвестиция көлемі 95 млрд теңгені құрады»,- делінген хабарламада.

Қала басшысы келтірген мәліметке сүйенсек, жоба аясында 550 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, зауыт дәрілердің сан түрін шығаратын болады, оның ішінде онкологиялық ауруларға қарсы дәрілер де бар.