Астанада «Fashion Park» отандық киімдер дүкені ашылды (ВИДЕО, ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қырықтан астам дизайнердің өнімін біріктірген отандық киімдер дүкені ашылды. Fashion Park дүкені «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылып отыр.

Астанада «Fashion Park» отандық киімдер дүкені ашылды (ВИДЕО, ФОТО)

Аталған сауда нүктесін құрудың басты мақсаты - отандық өнім шығарушыларды қолдау және қазақстандық тауарлардың нарықтағы үлесін арттыру.
Fashion Park - заманауи жабдықтарда тігілген жоғары сапалы қазақстандық киім мен аксессуарлардың кең көлемін ұсынатын мультибрендтік дүкен. Дүкен аумағы бойынша Астанада ең үлкен сауда орнына болмақ. Оның жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрайды. Тауарлардың баға саясаты да икемді, бұл жерде қалың бұқараға арналған киімдерден бастап, эксклюзивті қымбат киімдер де сатылады.
«Fashion Park» дүкені отандық тауар өндірушілерге онлайн-сатылым жасауға да үлкен мүмкіндіктер ашып отыр. «fashionpark.kz» сайтында барлық киімдер интернет арқылы сатылымға шығарылады.
Дүкеннің ашылу құрметіне орай, Құралай Нұрқаділова шеберлік сыныбын өткізеді деп жоспарланған. Сонымен қатар дизайнер Дильбар Әшімбаева коллекцияларының көрсетілімі өтеді.
«Біздің команда тәулік бойы қызмет етті. Мұнда өте қызықты жобалар ұсынылды. Жақсы идея. Бұл Астана үшін арзан бағамен ұсынылған эксклюзивті киімдер. Сондықтан барлықтарыңызды дүкеннің ашылуымен құттықтаймын», - деді Қ. Нұрқаділова.

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null