Астанада, «Фаворит» ТК-де электрші 10 метр биіктіктен құлап, қаза тапты
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - 12 наурызда сағат 15.19-да Астана қаласының Алматы ауданында Бөгенбай батыр даңғылында салынып жатқан «Фаворит» тұрғын кешенінде мұнара кранында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 45 жастағы электрші 10 метр биіктіктен құлап, мерт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.