Астанада француз суретшілерінің ерекше көрмесі ашылды
48 көркем туындылардан жасалған көрме Қазақстаның Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде ашылды. Шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Экспозиция тек суреттерден емес, сонымен қатар, мүсіндер мен сәндік интерьерлік бұйымдардан тұрады. Келген қонақтар Поль Гоген, Поль Серюзье, Эмиль Бернар, Пьер Боннара, Морис Дени және т.б. суретшілердің шығармашылығымен таныса алады.



«Бұл шара Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Осылайша, біз Қазақстан мнен Франция арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың 10 жылдығын атап өтудеміз. Көрме екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтатынына сенімдімін. Кезінде біздің елдің Мәдениет министрі Мальро айтып кеткендей, өнердің тілі - адамды адамға жалғайтын ең қысқа жол», - деді ашылу салтанатында Қазақстандағы Франция елшісі Филипп Мартинэ.
