Астанада футбол жұлдыздары қолтаңба сессиясын өткізеді

Сонымен, 4 тамызда сағат 17:00 кезінде «ЭКСПО-2017» көрмесі амфитеатры сахнасында барлық командалардың таныстырылымы болады. Футболшылар фанаттарымен кездесіп, қолтаңба-сессиясын өткізеді.
5 тамызда сағат 12:00-ден бастап 18:30-а дейін топтық кезеңнің матчтары ұйымдастыралады, ал 6 тамызда 14:30 - 17:40 аралығында плей-офф сериясының ойындары және марапаттау рәсімі өтеді.
Осыдан кейін «Астана Арена» баспасөз орталығында турнир қатысушыларымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар 6 тамызда 12:00-13:00 аралығында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері тәрбиеленушілері үшін арнайы шеберлік сыныптары болады деп күтілуде.
Еске сала кетсек, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 5 тамыз күні елорданың «Астана Арена» стадионында «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирі басталады. Елордалық стадионда Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы ойнайды. Турнирде Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов сынды әлемдік футболдың ардагер жұлдыздары өнер көрсетеді.