Астанада футболдан әлем чемпионатын даладағы экраннан тамашалауға болады
Үшінші орын үшін өтетін матчты 14 шілде күні сағат кешкі 20:00-де тамашалауға болады. Трансляцияны Нұржол бульварындағы дала экранынан көруге болады. Финалдық матч 15 шілде, сағат 21:00-де «Қазмедиа холл» киноконцерт залында және Нұржол бульвары жағында орналасқан «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің үлкен экранынан көрсетіледі.
«Ойынның финалын «Қазмедиа холл» киноконцерт залында көрем деушілерге залдың есіктері 15 шілде күні сағат 20:00-де ашылатынын хабарлаймыз. Бос орындар шектеулі болғандықтан, қонақтардан ертерек келіп, орындарына жайғасуларын сұраймыз», - дейді ұйымдастырушылар.
Кіру тегін.
Шараны ұйымдастырушы-бас серіктес - «Олимп» букмекерлік кеңсесі.
Ресми хабар таратушы - Qazaqstan, Qazsport телеарналары.
Ақпараттық серіктес - «ҚазАқпарат» ХАА.
Шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің мекенжайы: Астана қ., Қонаев көшесі, 4.