Астанада футзалдан «Yeleu Cup» халықаралық турнирі аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік команда елордада өткен «Yeleu Cup» халықаралық турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада футзалдан «Yeleu Cup» халықаралық турнирі аяқталды

Футзалдан әуесқой және кәсіпқой командалар қатысатын жарыс 2002 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

Турнир Нұр-Сұлтан қаласында 5 - 8 мамыр аралығында өтті. Оған Қазақстан және көршілес елдерден 16 команда қатысты.

ҚР футбол федерациясынан мәлім еткендей, мерейтойлы турнирде Ресейдің «Макушино» командасы топ жарды. Олар финалда елордалық «Сайран» командасын 1:0 есебімен ұтты.

Шараның салтанатты жабылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов қатысты.