23:47, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Астанада «Ғаламторды қолдану арқылы Қазақстан халқының діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 12 желтоқсанда Астанада, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Дін істері агенттігі «Ғаламторды қолдану арқылы Қазақстан халқының діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Бұл туралы аталған агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, дін саласына маманданған сарапшылар, ғаламтор-ресурстары басшылары, жастар ұйымы мен БАҚ өкілдері қатысады.