Астанада Ғашықтар саябағында «Балалық шақтың ғажайып әлемі» мерекесі өтуде

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ғашықтар саябағында» «Балалық шақтың ғажайып әлемі» мерекесі өтуде.

Астанада Ғашықтар саябағында «Балалық шақтың ғажайып әлемі» мерекесі өтуде

Оған 2000-нан астам бала қатысуда. Мерекелік бағдарламаны «Түрлі-түсті арман» атты асфальтқа сурет салу байқауы ашты. Оған қатысқан елордалық жас суретшілер Астананы жарқын бояулармен таңғажайып жаз қаласы ретінде бейнеледі.

 Іс-шараны «Астана шуақтары» атты мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің шығармашылық фестивалі жалғастырды. Онда елордадағы балабақашалрдың үздік өнер ұжымдары қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер өздерінің қызық қылықтарымен, әдемі билерімен көрермендерді тәнті қылды. Екі байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Осында жеңіске жеткен балалар республикалық байқауға қатысады.

 Сондай-ақ мереке қонақтарының назарына «Балалық шақ бояуларының палитрасы» атты анимациялық бағдарлама ұсынылып отыр. Оның соңында 500 жасөспірім бір мезетте аспанға батпырауық, ал кішкентай балақайлар әуе шарларын ұшырмақ.

  Мерекеге келген балаларға арнап «Бәйтерек» және «Созвездие» би ансамбльдері, «Юность Астаны», «Джинсовые облака», «Жұлдызды сағат», «Гүлдәурен» эстрадалық ән студиялары, «Балдырған» халық циркі мен «Болашақ» домбырашылар ансамблі сияқты шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламарын ұсынды.