Астанада газбен жылыту пилоттық жобасы жүзеге асырылды
«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жаңа кешендік жоспар жасалып жатыр. Қазірдің өзінде бір қайта газдандыру станциясын салдық, кезекте екіншісі тұр. Коммуналдық қазандықтар, барлық ЖЭО-лар газға көшеді деп жоспарлап отырмыз, - деп жазды Арман Тұрлыбек әлеуметтік желідегі парақшасында. Біз «AutoGaz001» ЖШС-мен бірлесіп «Көктал» тұрғын алабында газдық автономдық жылытуды орнату бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Замануи газ жабдығын Болашақ көшесі, 12/1 үйіне (бұдан бұрын көмір қолданған) және Бабатайұлы көшесі, 9 үйдегі №8 пәтерге (бұдан бұрын электр қазандығын қолданған) компанияның қаржысы есебінен орнаттық. Орта есеппен әр газ жабдығын орнатуға 500 мың теңге жұмсалды».
Тұрғындардың атап өтуінше, электрмен, көмірмен немесе дизильдік жанармаймен салыстырғанда газ үйді жылыту үшін тиімді және қоршаған ортаға зиянсыз.
«Орнатылған газ қазандықтарына айына 4 газ баллоны жұмсалады, ақшалай есептегенде 12 000 теңгені құрайды. Тұрғындардың айтуынша, бұдан бұрын көмірмен жылытуға айына 20000-25000 теңге жұмсалған, ал электр қазандығын қолдануға - айына 40000 теңгеден астам қаржы кеткен», - деп түсіндірді Арман Тұрлыбек.