Астанада гемофилия ауруларына тізе және жамбас буындарын эндопротездеу бойынша бірнеше операциялар жасалды

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ мамандары гемофилия ауруларына тізе және жамбас буындарын эндопротездеу бойынша бірнеше бірегей операциялар жасады.

Астанада гемофилия ауруларына тізе және жамбас буындарын эндопротездеу бойынша бірнеше  операциялар жасалды

Гемофилия клиникада жедел жағдайлар (қан кету) басым болатын, шұғыл емдеу өткізуді талап ететін ауру болып табылады. Қазақстан Республикасының гематологтарында есепте қазіргі уақытта 618 пациент тұр, оның ішінде 319 - ересектер. 120 пациенттер буындар қуысында жиі қан кетуде тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен азап шегеді.

Осы аурулардың кейбіреулерінің өздігінен қозғалу мүмкіндіктері жоқ және мүгедектер арбасы мен балдақ сияқты көмекші құралдарды қолданады. Бұл пациенттерге эндопротездеуді енгізу едәуір үлкен қиындықтарға соқтырды, себебі операциялар көп қан кетумен сүйемелденеді. Гемофилия ауруының ағзасы қан қоюландыру маңызды тіршілік факторы жоқ болғандықтан өздігінен қан кетуді бақылауға және тоқтатуға жағдайы жоқ.

Ортохирургиялық көмек жобасын енгізу үшін мұндай пациенттерге қауіп-қатерді алдын алуды қарастыратын нақты саясатты әзірлеу талап етілді. Сол үшін барлық ресурстарды қамтитын Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы таңдалып алынды. Жеке ресурстарынан басқа - медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, гемофилия ауруларымен жұмыс тәжірибелері бар жоғары білікті дәрежелі дәрігерлер жұмыс істейтін гематологиялық және травматологиялық бөлімшесі, коагулопатиялар зертханалары, Ресей Медициналық ғылымдар академиясы гематологиялық орталықтың базасындағы Гемофилия және коагулопатия орталығын басқаратын, профессор В.Ю. Зоренкомен бірге басшылықта, м.ғ.к. В.Е. Маманов - Ресей Медицина ғылымдарының академиясы гематологиялық орталығының гемофилия ауруларының ортопедия бөлімінің басшысымен, шетел мамандары жұмылдырылды.

Жобаны табысты іске асыру үшін «РЖМЖҒО» АҚ 15 төсектік және жеке дәрігерлік сүйемелдеумен гемофилия ауруларын емдеуге жеке орталық бөлінген. Алдағы уақытта пациенттерді ортопедиялық түзету ғана емес, сондай-ақ алдын алу көмегінің жеке тәртібін іріктеумен сүйемелдеуіне, гемофилияның ингибиторлы нысандары түрінде болуы мүмкін асқынулардың мониторингіне ерекше назар аудару жоспарлануда. Бүгінгі таңда барлығы 15 операция өткізілді, ал жылдың аяғына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен гемофилия ауруларына 19 буынды эндопротездеу бюджеті қарастырылған.