Астанада героиннің ірі көлемімен азамат ұсталды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - 22 қаңтар күні Астана қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында героиннің ірі көлемімен ер азаматты ұстады.

Астанада героиннің ірі көлемімен азамат ұсталды

Жеке тінту кезінде азамат М.Т.-ның қалтасынан 1,89 грамм, ал автокөлігін тексеру барысында 1 келі 390 грамм героин есірткі заты табылды.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 259-бабы, 3-бөлігінің «в» тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.