Астанада Гейдар Әлиевті еске алуға арналған шара өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевті еске алды. Әзербайжанның Қазақстандағы Елшілігінде ұйымдастырылған шараға дипломатиялық миссия басшылары, Қазақстанның қоғамдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Шара Гейдар Әлиев туралы фильммен басталды. Одан кейін Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов сөз сөйлеп, әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысының өмірі мен қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Ал Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин Гейдар Әлиевпен жеке таныс болғандығы туралы әңгімеледі.null

Бұдан кейін сөз кезегі Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге берілді. Ол Гейдар Әлиевтің тәуелсіз Әзербайжанның қалыптасу жолындағы рөлі, ағымдағы жылы атап өтілетін Әзербайжан Демократиялық Республикасының (ӘДР) 100 жылдық мерейтойы туралы айтып,  жалпыұлттық көшбасшының өз елінің тарихына ерекше көңіл бөлгенін жеткізді.

nullБұдан кейін шараға қатысушылар Әзербайжанның Қазақстандағы Елшілігінде жасақталған Гейдар Әлиев мұражайына барып, арнайы ұйымдастырылған фотокөрмені тамашалады. 

  null  

Соңғы жаңалықтар