Астанада грек-рим күресінен Борис Керімбаевты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада грек-рим күресінен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл және қазақтың «қара майоры» атанған Борис Керімбаевты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр.

астана
Фото: Астана қаласының Спорт басқармасы

Астана қалалық спорт басқармасы мәлім еткендей, елорда іргесіндегі «Аспан» спорт кешенінде 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында алғаш рет республикалық бәсеке ұйымдастырылып жатыр

Аталған додаға еліміздің 12 облысынан келген 250-ге жуық балуан сынға түсуде. Атап айтсақ,

Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, СҚО, ШҚО және Алматы мен Астана қаласысының балуандары өара мықтыны анықтауда.

Тұрлыханов
Фото: Астана қаласының Спорт басқармасы

«Сіздер үшін осындай турнирлер тәжірибе жинауға керемет мүмкіндік болып отыр.  Бұйырса, сіздер алдағы уақытта ересектер арасында өтетін республикалық жарыстарда бақ сынайтын боласыздар. Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев секілді сіздер де елдеріңіздің патриоты болып, елін қорғайтын батыр азамат болатындарыңызға сенемін. Осы сәтті пайдалана отырып, 2024 жылы Париж Олимпиадасында жүлдеге таласатын жерлестерімізге жеңіс тілеймін!» – деді жарыстың ашылу салтанатына арнайы келген ҚР грек-рим, еркін, әйелдер күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы турнир алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп, жыл күнтізбесіне кіргізілетін болады.

спорт
Фото: Астана қаласының спорт басқармасы

Айта кетейік, жарыста 45, 48, 51, 55, 60, 65, 71, 80, 92, 110 келі салмақ бойынша жеңімпаздар анықталады.

Соңғы жаңалықтар