11:01, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада грузиялық гастролер-ұрылар құрықталды
ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанада көлік тонаумен айналысқан грузиялық гастролер-ұрылар ұсталды.

Бұл туралы бүгін Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айдос Рысбаев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, бұған дейін Ресейде көлік тонап, сотталған ұрылар қарашаның 19-ы күні Астана қаласында қылмыс үстінде ұсталды. 1987 жылғы және 1991 жылғы грузиялық азаматтар автокөліктерді ашу үшін арнайы сканерлеу құрылғысын пайдаланған. Қылмыстық топтың үш мәрте ұрлық жасағаны дәлелденді. Бұдан басқа, олар сканердің көмегімен он рет жеңіл автокөліктерді ашқан. Бірақ оның ішінде ештеңе таппағандықтан, нәпақасыз қалған. «Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар уақытша оқшаулау абақтысына жабылды», - дейді А.Рысбаев.