Астанада гүл және көкөніс павильондары алынып тасталмақ

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Астананың Сарыарқа ауданында гүл және көкөніс павильондары алынады, деп хабарлады astana.kz сайтына аудан әкімдігінен.

Астанада гүл және көкөніс павильондары алынып тасталмақ

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-б. 10-т. сәйкес жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы талаптарды сақтамау жер учаскесін өз бетінше иелену деп бағаланады және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 2011 жылғы 26 мамырдағы «Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу фактілеріне жол бермеу туралы» Астана қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиналысының хаттамасына және 2011 жылғы 3 наурыздағы Астана қаласы мәслихатының «Астана аумағында уақытша орнатылған сауда нысандарын кезеңмен шығару туралы» Шешіміне сәйкес заңсыз орнатылған нысанды өздеріңіз шығаруыңызды сұраймыз», - делінген ақпаратта.

Аталған талаптар орындалмаған жағдайда өкілетті органдар нысандарды мәжбүрлеп шығару бойынша шаралар қолданады, ал олардың иелері белгіленген заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.