Астанада гүлдер, ландшафтық сәулет және дизайн көрмесі ашылды
Қос көрме Астана қалалық әкімдігі мен ҚР Қоршаған орта және су ресурстары, ҚР Өңірлік даму министрліктерінің ресми демеушілігімен ұйымдастырылып отыр.
«Astana Flora Expo-2014» көрмесіне 30-дан астам отандық және 40 шақты Бельгия, Германия, Голландия, Кения, Колумбия, Литва, Ресей, Түркия, Франция, Швейцария және Эквадор елдерінің танымал гүл өсіруші компаниялары қатысуда.
Сонымен қатар, көрме барысында Астана қаласыдағы Мемлекеттік ботаникалық бағы әзірлеген жобалар да алғаш рет таныстырылды.
Сондай-ақ, көрме аясында Қазақстанның кәсіби флористикасы бойынша «Алтын Гүл-2014» чемпионаты өтеді.
Ал «Village-2014» көрмесінде қала сыртына шағын үй салу және оларды көркемдеу ісі бойынша 50-ден астам отандық және шетелдік компания өз идеяларымен бөліседі.
Айта кетейік, екі көрме де 23-25 сәуір аралығында өтеді.