Астанада ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу және заң терминдерінің қолданылу ерекшеліктері жөнінде дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. 25 қыркұйек. ҚазАқпарат - 27 қыркүйекте Астанада «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесі «Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу және заң терминдерінің қолданылу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Астанада ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу және заң терминдерінің қолданылу ерекшеліктері жөнінде дөңгелек үстел өтеді

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының, Премьер-Министр Кеңсесінің, Жоғарғы Соттың, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Аталған іс-шарада заң терминдерінің қолданылу ерекшеліктеріне, оларды бірізді қолдануға, анықтамалық, түсіндірме, салалық сөздіктер жасауға байланысты мәселелер талқыланатын болады.