Астанада «хакерлер» марафоны өтеді

Шараның ұйымдастырушы операторы «Astana innovations» компаниясы шамамен 200-ге тарта IT-бағдарламашыларды тартуды жоспарлауда. Оған қазірдің өзінде 80 қатысушы тіркелген. 19-20 мамыр күндері өтетін марафон барысында бастауыш және тәжірибелі бағдарламашылар, дизайнерлер мен жобалаушылар, IT-маркетологтар өздерінің IT-жобаларын жасайтын болады. Ең үздік жобалаушылар қаржылай сыйақыға ие болады.
Ө. Тәшімовтің айтуынша, марафонның жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге.
«Екі тәулік бойы олар қаланың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған заманауи жаңашылдықтарды өмірге әкелетін болады. Оларға Қазақстанның ең тәжірибелі мамандары мен менторлары көмектеседі. Ең ұтқыр инновациялық технологиялар мен шешімдерді «Смарт Астана» - «ақылды қала» жобасы аясында астаналықтардың тұрмысына енгізетін боламыз», - дейді ол.
«Смарт Астана» жобасы шеңберінде елордада бірнеше IT-жоба қолға алынуда. Бұл - «ақылды лифт», «ақылды тұрғын үй» және елордалық оқушыларға иесі туралы барлық қажетті ақпараттар жинақталған «Мектеп оқушысының электронды куәлігі».