Астанада халық қалаулыларының «Менің жүрегімдегі Қазақстан» атты патриоттық шығармалар жинағы таныстырылды

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары жазған «Менің жүрегімдегі Қазақстан» атты патриоттық шығармалар жинағының таныстырылымы болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жинаққа қазақ әдебиетінің майталмандары Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Төлеген Мұхамеджанов, Олег Дымов, Людмила Хочиева, Әкім Ысқақ және Өтеген Оралбаев сынды халық қалаулыларының ел мен жер туралы шығармалары енді.

Жинақты шығарудың басты мақсаты - поэзияның патриоттық рухқа толы маңдайалды шығармалары арқылы бүгінгі жас ұрпақты Отанға деген адал қызмет пен шексіз сүйіспеншілік аясында тәрбиелеу.

Бүгінгі іс-шара барысында Еуразия ұлттық университетінің студенттері «Менің жүрегімдегі Қазақстан» жинағына енген шығармаларды орындап, жинаққа қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар