Астанада халық өнері көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Ата өнері - ұрпаққа мұра» атты халқымыздың дәстүрі мен өнерінен сыр шертетін көрме ашылды.

Астанада халық өнері көрмесі ашылды

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Шара таяуда өткен Азия Даму банкінің кезекті отырысына қатысқан шетелдіктердің назарына ұсынылған болатын. Онда шетелдіктер қазақтың сәндік қолданбалы бұйымдарына ерекше қызығушылық танытқан еді.

Ал бүгін этнографиялық көрме елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстырылды. Тәуелсіздік сарайының төрінен орын алған көрмеге еліміздің белгілі зергерлерінің қолынан шыққан туындылармен қатар 800-ге жуық көне бұйымдар қойылды. Сондай-ақ халықаралық «Карл Фаберже» сыйлығының иегері, зергер Берік Әлібайдың көне заттар топтамасы ұсынылды.

«Біздің этнографиялық залға келушілер қазақ мәдениетіне аса қызығушылық танытуда. Біз қолөнер мәдениетіміздің дамып, дүниежүзіне әйгілі болғанына мақтанамыз», - дейді өнертанушы Тілеукеш Жаубасова.