Астанада Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтеді

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Наурыздың 6-сы күні Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында 8-ші наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілетін концертті «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ ұйымдастырады. Концерт бағдарламасының шеңберінде жоғары деңгейлі шығармашылық ұжымдар, би ансамблдері, вокалды топтар және басқа да белгілі вокалистер мен орындаушылар өнер көрсететін болады. Кеш қонақтарының қатарында астаналық іскер және өз ісінің хас шеберлері саналатын әйелдер, кәсіпорындар мен мекеме жетекшілері, сондай-ақ белсенді әйел азаматтар бар.
Концертке арнайы шақыру бойынша кіреді.

Соңғы жаңалықтар