Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай спорттық шара ұйымдастырылуда

АСТАНА. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мамырдың 1-і - Халықаралық балаларды қорғау күні.
None
None
Осыған орай бүгін Астанадағы «Жастар» сарайында шығыс жекпе-жектерінің бірі таэквондо (WTF) спортынан балалар арасында турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш шараға Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Семей қалаларынан 6 мен 15 жас аралығындағы 160 спортшы қатысуда. Жарыс жеңімпаздарына Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Есірткімен күрес басқармасының өкілдері дайындаған арнайы сыйлықтар табыс етіледі. «Бәсеке биыл елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Болашақта оны дәстүрлі турнирге айналдыру ойда бар», - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Дәлел» спорт клубының президенті Серік Палмағамбетов.
Соңғы жаңалықтар
Референдум