Астанада «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай тоғызқұмалақтан жарыс өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай төл спортымыз - тоғызқұмалақтан Астана қаласының кубогі үшін «Жас үміт» ІІІ республикалық жасөспірімдер жарысы басталады.
None
None

Бұл туралы ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының баспасөз орталығы хабарлады.

Жарысты ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы және Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр. Аталмыш бәсекеге еліміздің 12 облысы және Астана, Алматы қалаларынан 100-ден астам спортшы қатысады. 4 маусымға дейін жалғасатын жарыс жекелей-командалық есепте швейцар жүйесімен 7 турда өтеді. Бүгін 14:30-да елордадағы «Арай» саябағында жарыстың ашылу салтанаты болады.

Соңғы жаңалықтар