Астанада Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тамыздың 11-де сағат 19.00-де алғаш рет ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткізілетін, Украина мен Қазақстанның танымал дизайнерлерінің Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді, деп хабарлады бүгін Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы. 

Астанада Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы. Сән марафонын өткізу идеясы Астана қаласындағы «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігіне тиесілі.

Іс-шара барысында қатысушыларға танымал дизайнерлердің қайталанбас топтамаларын, қазіргі заман киімдерінде ұлттық үлгілердің көрінісін, этномәдени орталықтары астаналық шығармашылық ұжымдарының шығармашылық өнерлерін тамашалау мүмкіндігі пайда болады.
Халықаралық этникалық сән марафоны аясында авторлық суреттердің, ұсынылған топтамалардың киімдерінің, кәдесый өнімдерінің және т.б. көрме-сатылымы өтеді. Іс-шара аясында дизайнерлер-марафон қатысушылары ұсынған бұйымдардың ойын ұтысы өткізіледі.
Іс-шара Республика даңғылы, 34 үй, «Жастар» сарайында өтеді. Кіру тегін.