Астанада Халықаралық қар күні тойланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қаңтар күні сағат 11:00-де астаналық парктің шаңғыроллер трассасында Халықаралық қар күні өтеді. 

Астанада Халықаралық қар күні тойланады

Астана қаласы дене тәрбиесі және спорт басқармасының, Астана қаласы әкімдігі бұқаралық спорт шараларын өткізу дирекциясының және бірқатар бизнес-құрылымдық ресми серіктестердің қолдауымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», Шаңғы жарысы ұлттық федерациясы, FIS халықаралық шаңғы жарысы федерациясы ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарысқа 2003-2004, 2005-2006, 2007-2010, 1998 және ересектер, 1999-2000, 2001-2002 жылдары туған түрлі жас санатындағы ұл-қыздар қатысады. Өзге жас санатындағы адамдар жарысқа жіберілмейді.

Шараның бағдарламасында қатысушылар шеруі, балалар спринті және түрлі қашықтыққа жүгіруден жарыстар бар. Жас қатысушыларға балалар жарысын ұйымдастыратын Snow Park қарастырылған.