Астанада Халықаралық жаңа технологиялық университетінің базасында ІТ-журналистер дайындалады - Байланыс және ақпарат министрі

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Халықаралық жаңа технологиялар университетінде «ІТ-журналистика» мамандығы ашылады. Бұл туралы бейсенбі, маусымның 3-інде Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев өз блогында мәлім етті.
None
None

Өткен демалыс күні министр А.Жұмағалиев Бас редакторлар клубының мүшелерінен кездескен болатын. Сол кездесуде отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына кедергі болып отырған проблемалар талқыланды Бұл аталмыш тақырыпты арқау еткен үшінші кездесу болды. Жаңа қызметке тағайындалғаннан бері А.Жұмағалиев наурыз және сәуір айларында республикалық және аймақтық басылымдардың редакторларымен кездескен еді.

Үшінші кездесуде бұқаралық ақпарат құралдарының сапа мәселесі, сондай-ақ шығармашылық редакциялардың қызметкерлерінің шеберлік деңгейлері сөз болды.

А.Жұмағалиевтің айтуынша, министрлік бұл мәселені мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен талқылап шығып, журналистер, операторлар мен режиссерлер, саланың басқа да қызметкерлерін кәсіби оқыту курстарын жоспарлап отыр. «Проблема журналистика факультеттеріндегі білімнің сапасында болып тұр»,- деп санайды редакторлар.

Редакторлардың айтқанымен келіскен министр, дегенмен, университеттің тек базалық білім беретінін, ал кәсібилік тәжірибемен келетінін, көп мәселе жас маманның өзіне, оның білімін жетілдіруге деген ынта-ықыласына байланысты екенін айтты.

«Мысалы, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Халықаралық жаңа технологиялар университетінде «ІТ-журналистика» мамандығы ашылады, бұл оқу бағдарламасы Карнеги Мэллон университетімен бірлесіп жасалып отыр» - деп хабарлады министр.

«Мұндай пәннің пайда болуы - уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік. Жұртшылықтың жаңа технологияларға деген ықыласы, интернет-басылымдардың танымалдығы күн сайын артып келеді - бұл жалпы әлемге тән үрдіс», деп түйіндеді өз сөзін министр Асқар Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар