Астанада Халыққа қызмет көрсету орталығының күзетшісі қастандықпен өлтірілді

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада Халыққа қызмет көрсету орталығының күзетшісі қастандықпен өлтірілді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР ІІМ-нің Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Берік Біләлов мәлім етті.

Б. Біләлов аталған адам өлтіру фактісі қандай жағдайға байланысты жасалғандығы және қастандық ХҚКО қызметіне байланысты болғаны не болмағаны жөнінде ешбір ақпарат бере алмады.

«Күзетшіні өлтіру оқиғасы болды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», деді Криминалдық полиция комитеті басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, қылмыскер әлі құрықталған жоқ. Жедел іздестіру шаралары өтуде.

Соңғы жаңалықтар