21:37, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Астанада «Халықтардың рухани-мәдени құндылықтары - бірліктің негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтеді
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - 7 желтоқсанда сағат 9.00-де «АСТАНА 2012 - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында «Халықтардың рухани-мәдени құндылықтары - бірліктің негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтеді.

Бұл туралы Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Семинардың ұйымдастырушылары - Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркі академиясы.
Семинар жұмысына Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткерлері, белгілі отандық және шетелдік ғалымдар, мәдениет пен өнер майталмандары және қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының қатысуы жоспарланған.