Астанада халықтық сапа белгісі сыйлығын табыс ету рәсімі өтеді

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Шілденің 4-інде елордада тауарлары ерекше атап өтілген тұтынушылар мен өндірушілерге халықтық сапа белгісі сыйлығын табыс ету рәсімі өтеді,

Астанада халықтық  сапа белгісі сыйлығын   табыс ету  рәсімі  өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығы Астана әкімдігінің қолдауымен бұл шараны осымен оныншы рет ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурсқа қатысатын компаниялар өз өнімдері мен қызметтерін таныстырады, тәжірибе алмасады, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін өзара байланыстарын кеңейтеді. Тауарларға сараптаманы тұтынушылар жүргізеді. Бұл шараны өткізудегі мақсат - шығаратын өнімдердің, көрсететін қызметтер мен атқаратын жұмыстардың сапасына назар аударатын өндірушілердің абыройын арттыру, сондай-ақ нарықты алақол кәсіпкерлерден қорғау.