20:05, 13 Ақпан 2016 | GMT +5
Астанада «Хан шатырдағы» тұтанудың себептері анықталды - ТЖД
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығындағы жану ошағы сөндірілді, деп хабарлайды Астана қалалық ТЖД.

«Бүгін сағат 16:45-те 101 қызметіне «Хан шатыр» СОО-да өрт шыққандығы жөнінде қоңырау келіп түсті. Арада 6 минуттан соң оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті. Олар жеткенше «Хардис» дәмханасының ас бөлмесінде 1 шаршы метр аумақта электр сымдары жанғаны анықталды. Электр сымдарының тұтануы жедел жойылды», - делінген хабарламада.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.