Астанада «Хазірет» ТК үлескерлерінің қаржысын қымқыруға күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасы «Хазірет» ТК үлескерлерінің ақша қаражаттарын ұрлау қылмыстық ісі бойынша үшінші күдікті Р.Х.Багаевты құрықтап, уақытша оқшаулау абақтысына қамады.
Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 16 желтоқсанда Астана қаласы № 2 Сарыарқа аудандық соты оған қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын тағайындады.