Астанада химия, биология пәндерін тереңдетіп оқытатын №62 мектеп-лицейдің жаңа ғимараты ашылды

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен №62 мектеп-лицейдің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ж.Түймебаев ұстаздар мен оқушыларды құттықтай келе, мектеп-лицейдің құрылысы Елбасының 100 мектеп бағдарламасы аясында жүзеге асырылғанын атап көрсетті. «Өткен жылы 46 мектеп іске қосылды. Қалған оқу ғимараттары салыну үстінде және олар жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Бұл Мемлекет басшысының елдегі білім беру саласына үлкен назар бөліп отырғанын тағы бір дәлелдейді», - деді ол. Сондай-ақ министр, өткен аптада ЮНЕСКО: «білім беруді дамыту индексі бойынша 129 елдің ішінде Қазақстан 1-ші орынға шықты», деп хабарлағанын жеткізді. Жалпы көлемі 14 600,4 шаршы метрді құрайтын мектеп-лицейдің ғимараты 1200 орынға есептелген. Ғимарат бұрынғы №11 бастауыш мектептің орнында бой көтерді. Оның ауласында 1-9 сыныптар үшін қозғалыс ойындарына арналған 3 және спорттық ойындарға арналған тағы 4 арнайы аула бар. Химиялық-биологиялық профилі бар мектептің бүгінде жалпы биология, экология және химиялық тәжірибе курстарын ағылшын тілінде тереңдетіп оқыту бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді. 2008-2009 оқу жылына арналған тілдік білім жобасын жүзеге асыру аясында мектеп-лицей «Мектептер: Болашақ серіктестіктері» атты неміс тілін тереңдетіп оқытатын халықаралық жобаның қатысушысы болды.
Соңғы жаңалықтар