Астанада И.Моисеев атындағы Ресейдің мемлекеттік академиялық халық би ансамблінің концерті өтеді

АСТАНА. 19 қазан.  ҚазАқпарат  - 28 қазан күні «Конгресс - Холл» концерт залында «Ресей - Қазақстан XXI ғасыр» фестивалі аясында Игорь Моисеев атындағы мемлекеттік академиялық халық би ансамблінің концерті өтеді.
None
None

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Игорь Моисеев атындағы Мемлекеттік академиялық халық биі ансамблі Ресейдегі тарихы бай ұжымдардың бірі. Ансамбльдің ірге тасы 1937 жылы қаланған. Ансамбльдің ерекшелігі - көркемдік қойылымында, дәстүр мен жаңашылдықтың байланысында. Ансамбльдің негізін қалаушы Игорь Моисеев өз әртістері алдында ұмытылып бара жатқан фольклорды жаңа интерпретацияда ұсынуды мақсат еткен еді.

Ансамбль репертуарындағы фольклорлық стиль жаңа сахналық өмірге ие болып, дүниежүзінің бірнеше буын өкілдеріне сақталып келді.

Биылғы фестиваль Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты мәдени байланысты әрі қарай дамытудың және нығайту жолындағы маңызды іс екенінің айқын дәлелі.

Соңғы жаңалықтар