Астанада I Спорт форумы ашылды
ТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған I Спорт форумының жұмысы басталды.
Форумның ашылуында ҚР Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев атап көрсеткендей, Тәуелсіздік жылдары кезінде біздің спортшылар Олимпиада ойындарында 50 медальға қол жеткізді. Ал Әлем чемпионаттарында біз 101 мадельға ие болдық. Қазақстанның 31 спортшысы Әлем чемпионы атағын иеленді. «Қазіргі кезде еліміздің спорт нарығындағы ұсыныс шектеулі. Ол мүлдем жоқ, немесе тым қымбат. Сондықтан спорт индустриясын дамыту тетіктерін әзірлеу қажет. Спорт маркетингін дамыту керек. Себебі бүгінде спорт қызметтерінің 30-35 пайызын жеке меншік коммерциялық ұйымдар ұсынды. Бұл үдеріс барған сайын дами түседі. Сондықтан қазіргі кезде спорт саласындағы бизнес білімін жан-жақты дамыту аса қажет», - деп атап көрсетті Т.Ермегияев.