Астанада I тоқсанда 1 шаршы метр үйдің құрылысы орташа есеппен 111,2 мың теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада I тоқсанда 1 шаршы метр үйдің құрылысы орташа есеппен 111,2 мың теңгені құрады, деп хабарлады Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Астанада I тоқсанда 1 шаршы метр үйдің құрылысы орташа есеппен 111,2 мың теңгені құрады

«2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 111,2 мың теңгені, пайдалы алаң құрылысының 1 шаршы метрінің орташа бағасы 153,7 мың теңгені, соның ішінде жеке құрылысшылармен салынғаны 93,2 мың теңгені құрады», делінген хабарламада.

2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 33994,4 млн теңгені құрап, өткен жылдың көрсеткіштерімен алыстырғанда 30,4% артқан. Жалпы тұрғын үй құрылысындағы инвестиция көлемінің игерілген негізгі капиталы 23,9% құрады.