18:14, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада «Иероглифтер: қабыршақтағы жазбалардан компьютерге дейін» деген көрме ашылды
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының (ҰАК) «Диалог» залында Қытай жазбаларының даму тарихына арналған «Иероглифтер: қабыршақтардағы жазбалардан компьютерге дейін» атты көрме ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚХР Елшілігі мен ҚР ҰАК бірлесіп көпшілікке қытай иероглифтерінің тарихы туралы көрме ұсынды. Көрме мазмұны, формасы және тақырыбы жағынан бірегей. Өйткені қытай жазбасы әлемдегі ең көне жазбалардың бірі болып табылады. Тасбақа қабыршақтарына, мал жауырындарына түскен әуелгі иероглифтер жыл санауға дейінгі VI мыңжылдықтарға жатады. Иероглифика ? қытай мәдениетінің түп негізі. «Бүгінгі көрме Қытай елінің дәстүрлі мерекелеріне арналған бірқатар мәдени шаралардың бірі. Аталмыш шара Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Қытайдан көктем сәлемі» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Қаңтардың 1-і мен 15-і аралығында атап өтілетін бұл көктем мерекесі ? Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл болып табылады. Ол қытай халқының дәстүрге айналған ең маңызды мерекесі», - деді көрменің ашылуында Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі бірінші хатшысы Ли Чжи.Көрме наурыздың 7-сіне дейін ашық.