Астанада ІІ тоқсанда заңды тұлғалар 3,5 пайызға артық тіркелді

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылдың ІІ тоқсанында алғашқы тіркеуден өткен заңды тұлғалар саны - 1304 болды. Олардың негізі Алматы (49,2%) және Сарыарқа аудандарында (32,2%) шоғырланған. Есіл ауданының үлес салмағы 18,6 пайыз болып отыр. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық статистика департаментінен мәлім етті.
None
None

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар тіркеу кезіндегі жоспарланған кәсіпорындар санына сәйкес 1282 болса, олардың 21 - орта, 1 ірі кәсіпорын.

«Биылғы жылдың ІІ тоқсанында өткен жылдың осы кезеңімен салысырғанда шағын кәсіпорын саны 43,5%-ға өскендігі байқалады. Сондай-ақ, бір уақытта 10 орта кәсіпорын мен өткен жылғыдай 1 ірі кәсіпорын тіркелді.

Жаңа кәсіпорындардың көпшілігі сауда саласына (26%) және құрылысқа (24%) бағытталған. Басқа да қызметтер үшін 13%; ғылым мен техника қызметіне - 6%-дан келеді. Көлік пен қойма шаруашылығына, өнеркәсіп пен білім және денсаулық сақтауға орта есеппен 4%-дан келеді. Ал, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, әкімшілік және көмекші қызметтер саласы, жылжымайтын мүлік мен ақпарат пен байланыс 3%-дан айналып тұр.

Жаңа заңды тұлғалардың 94,7%-ы жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген. Жыл басынан бері ЖШС санын салыстырғанда олардың үлесі 7,4 пайызға өскендігі көрінеді. Сонымен қатар, аталған кезеңде тіркелген кәсіпорындар мен мекемелер қатарында 3,2%-ын қоғамдық бірлестіктер мен қорлар; 1%-ын - мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар; 0,7%-ын - заңды тұлғалар бірлестігі; 0,2%-ын - тұтыну кооперативтері мен акционерлік қоғамдар құрайды.

2013 жылдың ІІ тоқсанында тіркелген заңды тұлғалар арасында ер басшылар үлесі - 73,8%, әйел басшылар - 26,2% болды. Осы жылдың басында заңды тұлғалар арасында ер басшылар саны - 73,9%, әйел басшылар - 26,1% еді.

Соңғы жаңалықтар