Астанада ІІІ Халықаралық Еуразиялық дерматология, косметология, эстетикалық медицина конгресі өз жұмысын бастайды

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - 30 мамырда Астанадағы «Думан» қонақ үй кешенінде ІІІ Халықаралық Еуразиялық дерматология, косметология, эстетикалық медицина Конгресі және «Дерматокосметология және дерматовенерологияның жас ерекшеліктерінің аспектілері» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
None
None

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға Израиль, Словакия, Франция, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Италия, Бельгиядан жетекші мамандар қатысады.

Еуразиялық Конгресс шеңберінде қатерлі ісік ауруларының алдын алуға арналған шеберлік сыныптары және тақырыптық симпозиумдар өткізіледі.

«Аталған іс-шара тері-венерологиялық аурулардың таралуымен, емдеудің инновациялық, сондай-ақ жоғары технологиялық әдістерінің пайда болуымен, түзету әдістемелерінің күрделігімен және қажеттілігіне байланысты өзекті болып отыр»,-делінген ведомство мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар