Астанада иіс тиіп уланған 4 адам ауруханаға түсті - ТМЖ

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада бүгін түнде 4 адам иіс тиіп уланып, ауруханаға түсті. Бұл оқиға жеке тұрғын үйдегі пештің дұрыс тартпауы салдарынан орын алған,

Астанада  иіс тиіп уланған 4  адам  ауруханаға түсті - ТМЖ

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Келеңсіз оқиға сәрсенбіге қараған түні, шамамен сағат 02.58-де, Жангелдин көшесі, 44/4 жеке үйде болған. «Пештегі ақаудың салдарынан иіс тиіп уланған 4 адам ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.