Астанада Иманов көшесі жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 8-10 қыркүйек аралығында Иманов көшесі ішінара жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің сайты .

Астанада Иманов көшесі жабылады

Амангелді Иманов көшесі бойында Брусиловский көшесінен Бейсекбаев көшесі аумағында жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты алдағы уақытта көлік құралдары қозғалысына толығымен шектеу қойылады.

8 қыркүйек сағат 22.00-ден 9 қыркүйек сағат 06.30-ға дейін және 9 қыркүйекте сағат 22.00-ден 10 қыркүйекте сағат 06.30-ға дейін көлік құралдары қозғалысына толығымен шектеу қойылады.

Қалалық ІІД елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін бағдарларын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.