Астанада индустриялық-инновациялық жобалар байқауы басталды

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімдігі мен «Астана Innovations» компаниясы индустриялық-инновациялық жобалар байқауын жариялады.
None
None

Байқаудың негізгі мақсаты - бизнес-инкубацияны іске асыру, яғни жас фирмаларды дамытып, бюджет қаражатына инновациялық бастамаларды жүзеге асыру. «Астана - Жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ басқармасының бөлім бастығы

Әсем Құсайнованың хабарлауынша, биылғы байқауға 80 млн. теңге бөлініп отыр.

«Ол ақшаға инновациялық жобалар іске асырылады. Бірақ, ең алдымен, оның барлығын арнайы сарапшылар тобы қарап, іріктейтін болады», - дейді А.Құсайнова.

Соңғы жаңалықтар