Астанада «Индустриялық революция - «жасыл» экономикаға көшу» атты сессия өтеді

деп хабарлайды ҚР ҚОҚМ баспасөз қызметі.
Сессия жұмысына ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, Азия және Тынық мұхит үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзер, Еуропалық Инвестициялық Банктің Вице-президенті Вилгельм Молтерер және басқалар қатысады.
Сессияның модераторы ретінде БҰҰ Еуропалық экономикалық Комиссиясының Атқарушы хатшысы Свен Алкалай шақырылды.
Сессия барысында «жасыл» экономиканың негізгі сипаттамалары, оның жолында тұрған кедергілер, шет елдердің «жасыл» экономикаға өту тәжірибесі және басқа да көкейтесті мәселелер талқыланбақ. Басқосудағы талқылаулар нәтижесі ретінде Рио+20 Саммитінің шешімдерін іске асыруға бағытталған нақты қадамдар бойынша ұсыныстар беріледі, деп жазады BNews.kz.